Жер қатынастары басқармасының экс-басшысы қамауға алынды

1794
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жер қатынастары басқармасының экс-басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен жасырын іс-шаралар мен жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы әшкереленді. Ол инвестициялық жобаларды іске асыру сылтауымен жеке тұлғаларға мемлекеттік жер қорынан жер учаскелерін төмен бағамен заңсыз иемденуге жәрдемдесті деп күдіктелуде.

Шенеуніктің әрекеті нәтижесінде мемлекетке жер учаскелерінің құны түрінде жалпы сомасы 180 000 000 теңгеге залал келтірілді»,—делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Пікірлер