Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай импортына салынған тыйымды ұзартты

1126
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай импортына салынған тыйымды ұзартты. Алайда жекелеген санаттарға бұл талаптың қатысы жоқ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылғы 10 тамыздағы шешімі негізінде «Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі №337 бұйрығы жарық көрді. Бұйрықта Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынған мерзім айқындалады:

– 2023 жылғы 11 қазаннан бастап үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым (СЭҚ ТН: 100119; 100199) 6 ай мерзімге ұзартылды;

– лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге 6 ай мерзімге тыйым (СЭҚ ТН: 100119; 100199) белгіленді.

Осылайша, бидайдың кез келген тұтынушысы өнімді лицензияланған элеваторлар арқылы импорттай алады.

Сондай-ақ, енгізілген шектеулер Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға қолданылмайтыны аталып өткен.

Орайы келгенде айта кетейік, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарының тізбесін «Атамекен» ҰКП қалыптастырады және жаңартып отырады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер