ШҚО-да Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция жарияланды

1577
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында орналасқан Владимир Лениннің ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

Қазіргі кезде құжатты 1196 адам қолдаса, 247-і қарсылығын білдіріп, қол қойған.

Петицияның авторы Айгүл Мырзағалиева Ленинді кез келген ымыраға келу идеясын түбегейлі жоққа шығарғанын және мәселені шешудің жолы ретінде зорлық-зомбылықтың принципті жақтаушысы болғанын айтады.

«Ол КСРО-ны көптеген халықтардың сүйегі мен қанына толтырды, соның ішінде қазақ ұлтын да қырып-жойды. Соның ішінде голодомор, қуғын-сүргін, соғыс, жер аудару, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, тартылып қалған Арал теңізі, т.б. айтуға болады» - деп жазған петиция авторы.

Сонымен қатар, петицияда:

«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, оның өзіндік тарихы мен мәдениеті бар. Мемлекетіміздің құрылуына, нығаюына, дамуына шынайы ықпал еткен, халық жадында мәңгілікке қалуға шын мәнінде лайықты ақын-жазушылар, ғалымдар, батырлар, хандар баршылық» делінген.

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

 

 

Пікірлер