Пәкістанда екі бірдей мешітте жарылыс болып, 50-ден астам адам көз жұмды

1250
Adyrna.kz Telegram

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мастунг қаласында және Балужистан провинциясының Хангу қаласындағы жарылыс болып, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Dawn газетінің хабарлауынша, Мастунгта мешіттегі діни шеру кезінде үлкен жарылыс болған.

Полицияның мәлімтінше жарылысты жасаған лаңкес Мәуліт — Ислам пайғамбары Мұхаммедтің туған күнін атап өту үшін адамдар жиналатын білген.

Басылымның хабарлауынша, Хангуда Доаба полиция бөлімінде екі жарылыс болып, оның ішінде полиция қызметкері де қаза тапқан.

Қазіргі уақытта Пәкістан аумағында жұмыс істейтін террористік топтардың ешқайсысы лаңкестік шабуыл жасағанын мойындамай отыр. Ал бұл жарылыстан шамамен 56 адам қаза тауып, 70-тен аса тұрғын жарақат алған.

Бұған дейін, 30 Қаңтарда ондаған адам қаза тауып, Пәкістанның "Техрик-и-Талибан" террористік ұйымы да мешітте жарылыс жасап, салдарынан екі жүзге жуық адам жарақат алған болатын.

Соңғы 15 жыл ішінде лаңкестік топтар Пәкістан билігіне қарсы партизандық соғыс жүргізіп, шабуылдар ұйымдастырып жүр. Пәкістандық талибандардың шабуылдары өткен жылдың қараша айынан бастап Үкіметпен атысты тоқтату режимі аяқталғаннан кейін жиілеп кетті.

Пікірлер