Студентке қол көтерген оқытушы жұмыстан шығарылды

1425
Adyrna.kz Telegram

Павлодар қаласында колледждердің бірінде оқытушы студентті тәрбиелеу мақсатында ұрып-соққан, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқытушының кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Видеода педагог студенттің жамбасын таяқша тәрізді затпен бірнеше рет ұрғаны анық байқалады. Павлодар облысының білім басқармасы оқиға Павлодар монтаж колледжінде орын алғанын растады.

"Баланы ұрып-соққан мұғалім жауапкершілікке тартылып, жазаланды. Атап айтқанда, оқытушының іс-әрекеттері педагогикалық этика кеңесінің отырысында қаралды. Оқытушы кінәлі деп танылып, бүгінгі күні жұмыстан босатылды", – деп түсіндірді Павлодар облысының білім басқармасы.

Колледж әкімшілігінің айтуынша, мұғалім  студент пен оның ата-анасынан кешірім сұрап, екі тарап ымыраға келген.

Бұл жағдайға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі:

"Білім беру мекемелері балаларды қауіпсіз және сенімді орын болуы керек. Балалардың білім алу және қауіпсіздік құқығы кез келген қоғамда ең жоғары басымдыққа ие. Мұғалімнің бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Қазіргі уақытта мұндай мінез-құлыққа жол берген мұғалім жұмыстан шығарылды", – деп мәлімдеді.

 

Пікірлер