Еуропада тәжік президентіне жұмыртқа лақтырғандардың елдегі туыстары ұсталды

1474
Adyrna.kz Telegram
Фото: Radio Ozadi
Фото: Radio Ozadi

29 қыркүйек күні Тәжік оппозициясының Еуропадағы өкілдері Берлинде акцияға шыққан соң Тәжікстан қауіпсіздік органдары олардың туыстарын қамауға алып, тергеген. Оппозиция белсенділері Орталық Азия республикаларының басшылары Берлинге келгенде акция өткізіп, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның режиміне қарсы ұран көтеріп, кортежіне жұмыртқа лақтырған. Бұл туралы “Озоди” радиосы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, Еуропада тұратын белсенді Шарофиддин Гадоевтің 74 жастағы анасын жексенбі күні таңертең Хатлон облысының қауіпсіздік қызметкерлері үйінен алып кеткен.

Анамды әкеткенде балаң неге тыныш жүрмейді, президенттің мәшинесіне неге жұмыртқа лақтырады, деп сұраған дейді Гадоев.

Тағы бір белсенді Фарход Одинаев Гиссар қаласындағы немере інісін полиция әкеткен, сол күйі хабар болмаған.

Әуелі кәрі анамды әкеткілері келген, бірақ ініммен тоқтапты. Менің де анама балаң президентке неге жұмыртқа лақтырады деген сұрақ қойған, - дейді Одинаев.

Сондай-ақ, Тәжікстан соты "экстремистік ұйым" деп тыйым салған "Топ 24" оппозициялық ұйымы Берлинде акцияға қатысқандардың кемінде бесеуінің туыстары Тәжікстанда қамалғанын хабарлаған.

Пікірлер