Алматыда Мұзафар Әлімбаевтың кітабы жарық көрді

780
Adyrna.kz Telegram
almaty.tv
almaty.tv

Алматыда Мұзафар Әлімбаевтың кітабы жарық көрді. Жаңа туындыда балаларға арналған шығармалары мен өлеңдері топтастырылған.

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілінің туғанына биыл - 100 жыл. Мерейлі мерейтойы жер-жерде түрлі деңгейде аталып өтіп жатыр. Бүгінгі іс-шара соның жалғасы. Қаладағы Крылов кітапханасында өткен жиынға жазушының балалары мен немерелері, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары келді.

– Мұзафар Әлімбаевтің 100 жылдығы ел-елде, жер-жерде аталып өтіп жатыр. Бұл жарасымды. Өйткені ол атаусыз, іздеусіз қалатын ақын-жазушы емес. Қазақ әдебиеті барда, қазақ ұлты барда Мұзафар Әлімбаевтың есімі өшпейді, – деді Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.

Ақын, ертегі мен балаларға арналған әңгімелердің авторы, қазақ фольклорын жинаушы Мұзафар Әлімбаев өз Отанында ғана танымал емес. Оның поэзиясы 18 тілге аударылған. Ол – қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешкен қаламгерлердің бірі. Бүгінгі жиында оқушылар жазушының шығармаларын оқып, көз көргендер естелігін айтты.

– Әр дәптердің шетінде нөмір түртіп қоятын. Бір күні сұрасам, серуендегенде жүрген қадамын жазып жүреді екен. Ол Ұлы Отан соғысында жаралы болған. Қазір жастарға өте ыңғайлы, қадамды санайтын сағат, телефон бар. Ал атам сол кезде өзі санап, жазған, – деді М. Әлімбаевтың немересі Бақтияр Әлімбаев.

Ақпарат: Almaty.tv

Пікірлер