Израильде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - Сыртқы істер министрлігі

1400
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Израильде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сондай-ақ, Израильде тұрып жатқан 118 қазақстандықтың туған жерге оралуға ниет білдіргені айтылды. Израильде бес қазақстандық студенттің білім алып жатқаны белгілі.

Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық сенім телефонына Қазақстан азаматтарынан 500-ден астам қоңырау түскенін мәлімдеді.

Еске салайық, сенбі күні таңертең Израиль Газа секторынан зымыран атқылаған. Палестиналық ХАМАС содырлар тобы бұл шабуылды өз мойнына алып, «Әл-Ақса дауылы» операциясының басталғанын жариялаған болатын.

Пікірлер