Тұрлыхановтың ұлына сот шешімі шықты

1642
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

9 қазанда атақты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты. Бұл туралы Atameken Business сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Нұрасыл Болатқа 1,7 миллион теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, осы жылдың көктемінде ерлі-зайыпты адвокат Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғуға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Оқиға 2023 жылдың ақпан айының 10-нан 11-іне қараған түні Алматыда болған. Шабуыл жасаған адам қатардағы әскери қызметші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болат болып шықты.

Пікірлер