Студент өлімі. Тоқаев ІІМ басшысына арнайы тапсырма берді

1635
Adyrna.kz Telegram
 фото: unsplash.com
фото: unsplash.com

Президент ІІМ басшысына Щучьедегі студенттің өліміне қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды. Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды.

Еске салсақ, 6 қазан күні Щучьедегі теміржол бойынан студент өлі табылған болатын.

Қайғылы оқиғаға байланысты Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде ҚР ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазір іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер