Өзін-өзі атып қаза тапқан Ұлттық ұлан қызметкеріне қатысты ІІМ мәлімдеме жасады

1662
Adyrna.kz Telegram
фото: Elorda.info
фото: Elorda.info

 Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қазасына байланысты ІІМ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Осы факт бойынша Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оны тергеу тәжірибелі қызметкерлерден құрылған жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиға орны қаралып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Айғақтар, атап айтқанда қаза тапқан әскери қызметшінің ұялы телефоны мен бейнебақылау камераларының жазбалары алынды.  Тергеу барысында қатардағы Сұлтановтың оқиға орнында жалғыз болғаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және тергеудің жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін Сұлтановтың әскери әріптестерінен, оның командирлерінен, басқа адамдардан жауап алу, сондай-ақ тиісті кешенді сараптамалық зерттеу шаралары жүргізілуде. Жәбірленуші жақтың уәждері де толық тексеріледі. Алдын-ала тергеу нәтижелері бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы ерекше бақылауда», – деді ҚР ІІМ әскери-тергеу департаментінің бастығы Серікбай Құсайынов.

Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесінде Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еске салсақ, 9 қазанда түнгі сағат 01:00-де Ұлттық ұлан 6636 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері қатардағы Сұлтанов кезекші бөлімшенің құрамында бола тұра, бекітілген штаттық қарумен өзін-өзі бастан атып, қаза тапқанын жазған едік.

Пікірлер