Ыстамбұлда ұлттық күндер жәрмеңкесі өтті

1057
Adyrna.kz Telegram

20 миллионан астам халық тұратын Ыстамбұлда 39аудан Зейтінбурну деп есептелінеді. Мәрмәра теңізінің жағасындағы портты Зейтібурну қалашығында бір-неше өндіріс орындары "тері, цех" заводтар мен фабрикалар, ғылым мен білім ордасы, Топқапы, Фатих Сұлтан сарайлары, Истиния және 100жыл атындағы ұлттық университеттер бар.

Тұнып тұрған шежіре, Византия және Осман сұлтанаттарының кезінде салынған ұлы қорғанның кірпіштері мен қабырғалары әлі күнге дейін сақтаулы. Зейтінбурну ауданында қазақ диаспорасының өкілдері көптеп тұрады. Мында қазақтың ақыны Абай атаның ескерткіш бюсты бар. Мында тұратын 800мыңдай халық түрік ұлысындағы әр ұлттың ұрпақтары жыл сайын ұлттық күнін атап өтеді. Қыркүйек айының соңғы аптасында, 9 күн бойы, аудандағы мәдениет сарайы "15ші тамыз" атындағы алаңда, 100ден астам қоғамдық ұйымдар бірлестіктер өз ұлттық күндерін, жәрменкелерін өткізеді. Түркі тілдес халықтардың бүгінгі ұлттық күні өздері айналысатын әр-түрлі сала жетістігі, қол-өнер бұйымдары, ұлттық киімдер, сувирлік (сыйлық) бұйымдары, азық-түлік тағамдары бар. Ұлттық өнерлерін көрсетеді, ән шырқайды, би билейді.


Бүгін Түркі дүниесіндегі Қазақ-түрік қоғамы (төраға Жәлел Қаһарман), Өзбек қоғамы (төраға Ахмет Фазыл Сөнмез) Түркмен қоғамы (төрағасы Әбдікәрім Тұрды) күндеріне арналды. Сахнада Зейтінбурну аудан әкімі Өмер Арысой, қазақ, өзбек, түркмен қоғамы басшыларымен бірге құттықтау сөз сөйледі. Қазақ түріктері қоғамының атынан тігілген кигіз үйінде ұлттық шатырында, ұлттық қол өнер бұйымдары, қазақ шапаны: ерлер, әйелдер киімдері, бөрік, тақия, қамшы, домбыра, ұлттық тағамдар: бауырсақ, құрт-ірімшік, қымыз қойылған. Үлкен үш қазаннан ақ күріштен палау әзірленді. Қазанның қақпағын ашқан әкім Өмер Арысой өз қолымен келушілерге ыстық палау дәм-мәзірін ұсынды. Яғни, мында қатысқан 1300адам қазақ үйінде әзірленген астан дәм татып ыстық бауырсақпен қазақтың қара қою сүтті шәйін ішті, алғыстарын білдіріп жатты. Қазақ қоғамының шатырына арнайы келген аудан әкімі Өмер Арысойға қазақ қауымдастығының уәкілі, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төраға орынбасары Ержан Уәйіс, Қазақ-түрік қоғамының төрағасы Жәлел Каһарман қазақ шапанын ыйғына жапты. Сол күні алаңда он мыңнан астам халық болды. Сондай-ақ ұлттық жәрменке күніне осында тұратын жергілікті халықтар Европадан келген қазақ ағайындар, Франциядағы қазақ қауымдастығының төрағасы Әбдусәмет Алтай, Алманиядан 87 жастағы Мехмет Ақыл, Қабылан Тосун, Көлндегі қауымдастықтың құрметті төрағасы 90 жастағы Абдурахман Четин, Вена қаласынан Хадис Зәлін, Қожа Ахмет Яссауи қоғамының басшысы Рамазан Авджы, Әділет және даму партиясы орталық Аппараты әйелдер тобының мүшесі Рашида Юксель, Ыстамбұлдағы қазақ Консулы Алмат Алтай, Шаңырақ орталығының басшысы Данияр Иманбақов және т.б. қатысты. Осылайша Зейтінбурнудағы он тоғызыншы ұлттық жәрменке бірінші қазан күні нәресіне жетті.

Ержан УӘЙІС,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Пікірлер