Бүгін бірнеше өңірде күн суытып, үсік жүреді

1511
Adyrna.kz Telegram
Фото: news.myseldon.com
Фото: news.myseldon.com

«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынып, күн райының салқындайтынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Синоптиктер мәліметінше, сенбі, жексенбіде Қазақстанда күн айтарлықтай салқындай бастайды.

«Республиканың синоптикалық жағдайын Солтүстік Атлантика циклоны мен Скандинавиялық антициклон қалыптастырып, әртүрлі фазаларда жауын-шашын тудырады және күндізгі жылынуды шектейді. Тек еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -0-5 үсік жүреді, күндіз ауа температурасы +2+12 градусқа дейін жоғарылайды. Ал дүйсенбіде термометр -3 – + 5 градус көрсетеді. Республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында салыстырмалы түрде жылы күн райы сақталады», - делінген хабарламада.

 «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер