«Шашынан сүйреп, мұрнын сындырған». Алматыда төбелескен қыздардың видеосы тарады

1399
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде қыздардың ұрсысып, төбелескен  видеосы тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеп. 

Ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны көшедегі төбелес кезінде зардап шеккен. Оған мұрынның жабық сынығы, қатты ісіну, сүйектің шығуы деген диагноз қойылған. Қыз полицияға арызданды. Төбелескен қыздарға полиция іздеу салды.

Оқиғаға қатысушылар тарапынан түскен дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қатысты тиісті шешім қабылданатын болады, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Видео авторы төбелескендердің біріне оқ тигенін айтады.

Пікірлер