“Құдағи, бір партия!" Астанада ДДҰ делегаттары “Қара жорға” биледі

1518
Adyrna.kz Telegram

Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік комитетінің делегаттары үзіліс жасап, бірауыздан қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» дене қыздыру ретінде билеп шықты, - деп хабарлайды "Адырна" сайты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің барша қазақстандықтарға таныс әуенге ырғақты қимылдар жасап жатқаны түсірілген видеоны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты. Қонақтарымыздың жақсы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн.

Тиісті түрде "қыздырынып алған" делегаттар жұмысын жалғастырып, нәтижесінде Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін 1,8 миллион долларға қолдау көрсету туралы екі жылдық келісімге қол қойылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Денсаулық сақтау министрлігі (@healthcare.gov.kz)

 

«Қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу үшін ДДҰ-дан сараптамалық, әдістемелік және техникалық қолдау көрсетуге бағытталады», - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Бұған дейін ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты “құда”, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятты “құдағи” деп атаған болатын. Ол келіні қазақ ұлтының өкілі екенін алға тартып, өзінің біздің елімізге қатысы бар екенін аңғартты.

Пікірлер