Бүгін — украин жазуы мен тілі күні

1470
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ашық дереккөз
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін — украин жазуы мен тілі күні. Бұл мереке биыл алғаш рет жаңа датада атап өтілуде, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атаулы дата 1997 жылдан бері тойланып келеді. Бұл күн қоғамдық ұйымдардың бастамасын қолдау және украин қоғамын біріктірудегі мемлекеттік тілдің маңызды рөлін ескере отырып пайда болды.

Украин жазуы мен тілі күні шежіреші Несторды еске алу күнімен тұспа-тұс келеді.

Украина православие шіркеуі мен украиндық грек-католик шіркеуі Жаңа Юлиан күнтізбесіне көшкеннен кейін екі мереке де 9 қарашадан 27 қазанға ауысты.

Айта кетейік, украин тілі 1989 жылғы 26 қазанда мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Қазіргі таңда бұл тілде 45 миллионға жуық адам сөйлейді.

Пікірлер