22 жастағы студент. ХАМАС кепілдікке алған қыз көз жұмған

1881
Adyrna.kz Telegram
Фото: X/@IsraelMFA
Фото: X/@IsraelMFA

ХАМАС кепілдікке алған Германия азаматы Шани Лук қайтыс болды. Бұл туралы NTV телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, қыздың қазасын анасы Рикарда Лук растады.

Өкінішке қарай кеше қызым тірі емес деген қаралы хабар алдық, - деді Рикарда Лук.

Дегенмен, қыздың қайтыс болғанын растайтын ресми мәлімет жоқ.

Айта кетсек, қазан айының басында ХАМАС Израилдегі Nature Party музыка фестиваліне шабуыл жасағанда 22 жастағы Шани Лукты ұрлап әкеткен. Соғыстың алғашқы күні содырлар жариялаған видеода осы қыз түсірілген, ол автокөлікте жартылай жалаңаш, аяғы сынып жатқан болатын. Туыстары оны денесіндегі татуына қарап таныған.

Пікірлер