2024 жылдан бастап заңдар қазақ тілінде жазылады

2497
Adyrna.kz Telegram
фото: Halyq Uni
фото: Halyq Uni

2024 жылдан бастап Қазақстанда заңдардың бәрі қазақ тілінде жазылады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Абзал Құспан Үкімет мүшелерінің депутаттар көтерген мәселеге назар аударғанын жеткізді.

«Бүгін Мәжілістегі комитет отырысын жүргізген депутат Үнзила Шапаққызы бұл мәселе бойынша Үкіметке сауал жолдады. Бәріміз қолдадық. Содан кейін Үкіметтің атынан вице-премьер (Алтай Көлгіновтың) қолы қойылған жауап келді. Онда «2024 жылдан бастап заңдар қазақ тілінде дайындалады» деп жазылған.

Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов қызметінен кеткені белгілі. Алайда ол қызметінен кеткенімен, Үкімет орнында ғой. Сондықтан олардың берген уәдесіне сенеміз», - деді ол.

Бүгінде депутат қазақ тілінде заңдарды дайындауға кіріскенін атап өтті.

Мысалы, мен 2 заң жобасын дайындап жатырмын. Ол құжаттардың атын атай алмаймын. Бірақ оларды қазақ тілінде дайындап жатырмын, - деді Абзал Құспан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер