Алматының сыртқы сауда айналымы 34,6 пайызға өсті

936
Adyrna.kz Telegram
primeminister.kz
primeminister.kz

Биылғы жылы Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны жоғары.

Экономиканың негізгі серпінін сипаттайтын өнеркәсіп, сауда, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс қызметтері, құрылыс, ауыл шаруашылығы сынды алты саланың қысқа мерзімді экономикалық индикатор 115,2%-ға жетіп жығылды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 21,7% өсіммен 1 303,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, бұл елдегі ең жоғары өсу қарқыны ретінде саналады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі 20,2% - ға 1 117,6 млрд. теңгеге дейін өскенін атап өткен абзал.

Құрылыс саласында да даму қарқыны жоғары, мұндағы сандар өткен жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда  3,8% - ға өсіп, орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 322,3 млрд.теңгені құраған. Естеріңізге саламыз, 2023 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5% өсіммен 1 486,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% - ға ұлғайып, 3 525,8 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауда айналымы 20,3%-дық  өсіммен 9 455,6 млрд. теңгені құрады. Көлік және қойма қызметтері 16,5% – ға, ақпарат пен байланыс 3,3% - ға ұлғайған.

Биыл қаңтар – тамыз айларында  қала экономикасына негізгі капиталға 876,9 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,8% - ға артты.

Ағымдағы жылдың тамыз айында іскерлік белсенділік индексі 55,2% - ды құрап, Алматы қаласы  республика бойынша көшбасшы атанды.

Сыртқы сауда айналымында да ілгерлеу бар.  Мұндағы өсім 34,6% -ға жетіп, пайда  $1 14 369,4 млн құрады. Бұл ретте экспорт 23,8% - ға ұлғайып,  табыс $2 605,2 млн жетті.

 

Пікірлер