Археологтар Шығыс Қазақстан облысынан ең көне қорым тапты

1358
Adyrna.kz Telegram
фото: «Қазақстан археологиясы» ғылыми журналы
фото: «Қазақстан археологиясы» ғылыми журналы

Археологтар Қазақстан аумағында ең көне адам жерленген мекенді анықтады. Бұл туралы «Қазақстан археологиясы» ғылыми журналы жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Шығыс Қазақстанның жартылай қуаң дала аймағында орналасқан Көкен қалашығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қола дәуірінің тұрағы негізінде жатқан қат-қабат тас дәуірінің шөгінділері табылды. Ол біздің дәуірімізге дейінгі VI мыңжылдықтың ортасы немесе неолит дәуіріне жатады. Бұл қорымның Қазақстан аумағында табылғандардың ішіндегі ең көне екенін дәлелдейді.», - делінген зерттеу аннотациясында.

Қазба жұмыстары барысында, археологтар Қазақстанда бір-біріне ұқсамайтын жерлеу рәсімдерін тапқан. Қабірде екі адамның сүйегі болған. ДНК сараптамасы сүйектердің жасөспірім мен ересек адамға тиесілі екенін көрсеткен.

Зерттеу жұмыстарын Назарбаев Университеті археология институтының археологтары жүргізді – Марғұлан, Сент-Луистегі Вашингтон университеті (АҚШ) және Павлодар мемлекеттік университеті. Олар жерлеу орындарынан Қазақстандағы ең көне заманға жататын қаңқаларды тапқан, сондықтан бұл аймақта өндіруші шаруашылық пайда болғанға дейін аңшы-жинаушылар халқының шығу тегін, өмір салтын және құрамын зерттеуге ерекше мүмкіндік беретінін айтады.

«Қазба жұмыстары мен талдаудан бастап материалды жариялауға дейін бүкіл процесс қазақстандық және халықаралық мамандардан тұратын біздің команданың үш жылдан астам жұмысын қамтыды. Бұл жаңалық қазақстандық археология үшін өте маңызды. Қазақстанда тас дәуірінің археологиялық материалдары өте көп, бірақ бұл жерде біз жерленген адам туралы айтып отырмыз. Осы жаңалықтың арқасында бізде сол аймақты мекендеген адамдардың өмірін зерттеуге мүмкіндік пайда болды», - деп атап өтті Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, археолог Паула Доумани Дюпюй.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер