Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

1832
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл ақпарат Астана соттарының Facebook-тегі парақшасында жарияланды. Жазбада:

"2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті К.Бишимбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын хабарлады.

Пікірлер