2024 жылы самбодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

1391
Adyrna.kz Telegram
Фото: Виктор Федюнин
Фото: Виктор Федюнин

Келесі жылы самбодан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Kazinform-ға сілтеп.

Бұл шешімді халықаралық самбо федерациясы қабылдады.

Еліміз бұған дейін дүниежүзілік доданы 2005 жылы қабылдаған еді. Ол жолы қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған.

Елдің балуандары 1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Бүгінге дейін 26 мәрте биік тұғырдан көрінген.

Пікірлер