Мектептерде тыйым салынған контенттерге қол жеткізу фактісі анықталды

1082
Adyrna.kz Telegram
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Алматы облысының прокурорлары жүргізген талдауда кәмелетке толмағандардың (оқушылардың) білім беру мекемесінің қабырғасында (425 мектептерде,  информатика кабинеттерінде) қалауынсыз/тыйым салынған интернет контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше,  мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау және порнографиялық сипаттағы әртүрлі сайттарға баруы анықталған.

- Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру мекемелерінде прокурорлық ден қою актісімен осындай сайттарға интернетке қол жеткізуді шектегіштер орнатылды.Сонымен қатар, прокурорлардың талап – арызы бойынша көрсетілген интернет-ресурстарды (саны-8) соттар заңсыз деп таныды, олардың таралуы бүкіл ел бойынша шектелген, - делінген хабарламада.

Осылайша, бұзушылыққа жол бергені үшін 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер