АҚШ Тайваньды қаруландыруды тоқтатуы керек - Си Цзиньпин

1459
Adyrna.kz Telegram
Фото: Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

АҚШ Тайваньды қаруландыруды тоқтатуы керек. Бұл туралы Қытай төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Америка Құрама Штаттары «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамау, Тайваньға қару-жарақ беруді тоқтату және Қытайды бейбіт жолмен біріктіруді қолдау туралы уәделерін орындау үшін іс жүзінде әрекет етуі керек, деді Қытай төрағасы Си Цзиньпин.

Ал Байден екі ел арасындағы бәсекелестік қақтығысқа әкелмеуі керек екенін айтты.

АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті алдында Сан-Францискода кездесіп, қол алысты.

Америкалық көшбасшының айтуынша, АҚШ пен Қытай екі ел арасындағы бақталастық қақтығысқа алып келмейтініне көз жеткізуі керек.

Ақ үйлегі кездесудің мақсаты әскерилер арасындағы байланыс арналарын қалпына келтіру екенін айтты.

Айта кетейік, өткен жылы Палатаның сол кездегі спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барғаннан кейін Бейжің АҚШ-пен әскери байланысын үзген болатын.

Пікірлер