АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: Мемлекеттік қызметтегі әйелдер де еркектер тарапынан қорлық көреді

1388
Adyrna.kz Telegram
Қазақстанда мемлекеттік қызметте жасайтын әйелдер де еркектер тарапынан қорлық көреді.
Басшы еркекке қарсы шықсаң немесе жыныстық қатынасқа түсуден бас тартсаң, бірігіп сыбайлас жемқорлық жасауға келіспесең, қудаланасың. Жақында осы тақырыпта өзімнің зерделеп жүрген ісімді халыққа ұсынамын.
Қазақ әйелдерінің құқығы тек үйде емес, қызметте де тапталады.
Әйел адамдар тек ғана күйеулерінен емес, басшы тиран еркектерден де таяқ жейді.
Мына оқиға тек бер жағы, ашылмай үндемей жабылып кетіп жатқандары қаншама.
ҚР Ішкі істер министрлігінде идеологияға жауапты Қожаев мырза!
Қазақ қыздарын полиция басшылары зорлап, ұрып соғып жемқорлыққа итермелеп өздеріне қол жұмсауына дейін жеткізіп жатыр.
Жасап жатқан реформаңыз қайда?
Бізді қорғайтын полиция, қашанға дейін қорлайды?!

 

 

Пікірлер