Салтанат Нүкенова көз жұмған мекеме өкілдері мәлімдеме жасады

1580
Adyrna.kz Telegram
Сурет: orda.kz
Сурет: orda.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова көз жұмған «Гастро орталық» өкілдері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мекеме марқұмның жақындарына көңіл айтты.

«Салтанат Нүкенованың отбасына көңіл айтамыз. Зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Тергеу әрекеттерін белсенді түрде жеңілдету үшін нақты қадамдар жасалды»,—делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Гастро орталық» басшылығы «BAU» мейрамханасымен жалға алу келісімін бұзу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

«Бірлескен құрылтайшылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен «BAU» мейрамханасының иелерімен жалға беру шарты бұзылды.  Орталыққа жаңа директор тағайындалды. Қазіргі таңда қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында келіссөздер жүргізіліп жатыр»,—деді әкімшілік.

Пікірлер