«Қауіпсіз қоғам». «AMANAT» партиясының республикалық желілік кестесі дайындалды

1282
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, әсіресе, әйелдер мен балаларды қорғау, заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне әрдайым баса мән береді.

Қазір «Қауіпсіз қоғам» коғамдық кампаниясын ұйымдастыру бойынша «AMANAT» партиясының республикалық желілік кестесі дайындалды.

Осы ретте, аталмыш желілік кестені жүзеге асыру бойынша Қарағанды облыстық полиция департаменті мен Жастар Рухы жастар қанатының белсенділерімен кездесу өтті.

Алдағы уақытта партиямен, жергілікті полиция департаменті және Жастар рухымен бірлескен вандализмге қарсы, буллингтің алдын-алуға бағытталған, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша рейдтік акциялар жүзеге асады.

Пікірлер