Қазақстандық Түркия түлектерінің кездесуі Алматы – 2023

1245
Adyrna.kz Telegram
Фото: Adyrna.kz
Фото: Adyrna.kz

Қазақстандық Түркия түлектерінің кезекті кездесуі осы жылы Алматы қаласында өтті. Атаулы іс-шараға Түркияның Қазақстандағы Елшісі  Мустафа Капуджу, Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу, Қазақстан және Түркияның мемлекеттік қызметкерлері, кәсіпкерлер және 300-ге жуық Түркия түлектері қатысты.

Бағдарламада «Түркия түлектерінің Алтын кітабы» жобасы аясында өз саласында ерекше жетістікке қол жеткізген түлектеріміздің марапаттау рәсімі жүзеге асты.

«Бұл бірегей жоба қазақстандық түлектер арасында алғаш рет ұйымдастырылып, алдағы уақыттарда жыл сайын өткізілетін болады. Сонымен қатар Turkish Airlines әуе компаниясының қолдауымен Түркияға жолдама ұтыс ойыны өтті. Осы орайда іс-шараға қатысқан барша қонақтарға және іс-шараның өтуіне арнайы қолдау білдірген YTB басшылығына, «Сине Мидас Строй» компаниясының Басқарма Төрағасы Ахмет Будан Мырзаға, Turkish Airlines әуе компаниясының Алматы және Түркістан қалалары бас директоры Угур Жантимур Мырзаға алғысымызды білдіреміз», - деп жеткізеді Түркия түлектері ассоциациясы.

Түркия түлектерінің алтын кітабы

Қазақстандық Түркия түлектері ассоциациясының ұйымдастыруымен өз саласында ерекше жетістікке жеткен түлектерді анықтап, оларды қоғамға таныту мақсатында  қазақстандық «Түркия түлектерінің Алтын кітабы» жобасы жүзеге асты. Номинациялар  білім және ғылым, спорт, медицина, журналистика, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, мәдениет және өнер, қоғамдық жұмыстар  сияқты салалар  бойынша белгіленді.

Осы орайда Мемлекеттік қызмет саласында жеткен жетістіктері үшін ҚР СІМ қарасты «Отандастар Қорының» президенті Абзал Сапарбекұлы, Мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы, Білім және ғылым саласында жеткен жетістіктері үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы, Кәсіпкерлік саласында жеткен жетістіктері үшін «ADK Index» ЖШС Директоры  Тұрабаев Қуаныш Әуесханұлы,  Ерекше қоғамдық белсенділігі үшін KAZ Minerals компаниясы, Қаржы департаменті қызметкері Шырынбаев Марат Амангелдіұлы, Журналистика саласында жеткен жетістіктері үшін 31 арнаның Informburo ақпараттық бағдарламалар департаментінің директоры Жүнісов Ержан Қошқарәліұлы, Денсаулық сақтау саласында жеткен жетістіктері үшін Orhun Medical Center Бас дәрігері Сыйкымбаев Айдос Жексенбайұлы, Спорт саласында жеткен жетістіктері үшін “Дешті Қыпшақ” дәстүлі садақ ату федерациясының Вице-Президенті Туруспеков Бахтияр Макфузович марапатталып, Түркия түлектерінің Алтын кітабына енді.

Ассоциация Төрағасы Асылбек Разаков және Ассоциацияның Бас хатшысы Исламбек Шапенов атап өткендей, бұл бірегей жоба қазақстандық түлектер арасында алғаш рет ұйымдастырылып жыл сайын өткізілетін болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер