Мүгедек қызға тиісіп, телефонын тартып алған. Алматылық автобус бақылаушысының ісі көпті шулатты (ВИДЕО)

1441
Adyrna.kz Telegram

29 қараша күнгі Алматыдағы автобус бақылаушысының ісі жұрттың наразылығын тудырды, деп жазады "Адырна" порталы. Видеоны egov.press телеграм арнасы бөлісті.

Видео авторының айтуынша, ол жолаушы мүгедек қызды таптап кетіп, дөрекілігі үшін кешірім де сұрамай қыздың телефонын тартып алған.

Бейнежазбадан оның қызға ерсі қылық көрсетіп, автобустағы халықтың айхайына қалғанын байқауға болады.

Кадр сыртындағы қыз бақылаушыға дауыс көтергені үшін полицияға беретінін айтқан.

"Қайда берсеңіз, онда беріңіз" дейді бақылаушы қыздың телефонын тартып алып.

Белгілі болғандай ГРНЗ 628HB02 автобусы №141 маршруттағы автобус екені анықталды.

Әзірге дөрекілік ісіне қатысты полиция департаментінің мәлімдемесі жарияланбады.

Пікірлер