Павлодарда оқушы қыздың жүкті екенін хабарлаған мұғалімдер жазаға тартылмайтын болды

2282
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысындағы аудандардың бірінде сегізінші сынып оқушысы өгей әкесінен жүкті болып қалды. Мұны бірінші болып мектеп мұғалімдері байқап, қыздың анасына хабарлаған. Мектеп оқушысының өгей әкесі ұсталды. Қыздарымен болған жайтты жария қылды деп ата-анасы мұғалімдерге арызданды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Қазір жоғары сынып оқушысы жүктілігінің 25 аптасында, қашықтан оқытуға көшкен. Жасөспіріммен психолог жұмыс істеуде.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мектеп оқушысының жүкті екенін жасырмаған мұғалімдер мен мектеп директорына келсек, олар заңсыз жазалануға кесілмеді. Енді сөгіс алынып тасталды.

"21 қарашада Павлодар облысында зорлық-зомбылық құрбаны болған кәмелетке толмаған оқушының жүкті екені белгілі болды. Қыздың келбеті мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып мектеп мұғалімдері байқады. Жағдай кәмелетке толмаған баланың анасына хабарланды. Бүгінгі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өгей әке қамауға алынды. Зардап шегуші үйінде қашықтықтан білім алуда және педагогикалық психологтың көмегін алуда. Білім беру ұйымының қызметкерлеріне заңсыз салынған тәртіптік жазалар алынып тасталды", деп хабарлады балалардың құқықтарын қорғау комитетінен.

Пікірлер