Абай және Қостанай облыстарында мектептердегі сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды

1272
Adyrna.kz Telegram
Фото: eKaraganda
Фото: eKaraganda

7 желтоқсанда Абай және Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында ауа райының нашарлауына байланысты мектептерде сабақ қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Абай облысының Көкпекті және Бородулиха аудандарында көктайғақ пен қарлы боранға байланысты 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқушылар үшін сабақ онлайн режимінде өтеді.

Сондай-ақ Қостанай және Рудный қалаларында бірінші ауысымдағы (0-4 сыныптар) оқушылар онлайн оқыту форматына көшірілді. Облыс орталығында ауа температурасы минус 25 градус. Қарабалық өңірінде минус 29 градусқа дейінгі аязға байланысты 0-9 сыныптардың бірінші ауысымындағы сабақтар қашықтан оқытуға ауыстырылды.

Ұзынкөл, Сарыкөл, Меңдіқара аудандары мен Бейімбет Майлин ауданында да мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер