"Көктайғақ, бұрқасын, тұман". Еліміздің 8 қаласында ескерту жарияланды

920
Adyrna.kz Telegram
фото: Aikyn.kz
фото: Aikyn.kz

Метеорологтар еліміздің 8 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі

8 қалада: Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды ​​және Теміртауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Метеорологтар 21 қаңтарда Қазақстан аумағындағы ауа райына тоқталды.

"Бұрынғыдай республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Мұнда қар, көктайғақ және бұрқасын болады, тұман және желдің күшеюі күтіледі", - делінген метеорологтар хабарламасында.

Сондай-ақ, еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды.

Пікірлер