Ерлермен қорғанамыз ба әлде қорқамыз ба?

680
Adyrna.kz Telegram
Фото: Adyrna.kz
Фото: Adyrna.kz

Біз 21 ғасырдың халқымыз. 30 жылда дамып кележатырған Қазақстанды көріп әрине қуанасың. Шүкір, дамып жатырмызТехника, білім мен ғылым, медицинада едәуір атап айтарлықтай көрсеткіш бар. Иә, шет елмен байланыс тағы бар. Дамушы елміз, Қазақстан өзінің имиджін қалыптастырып келеді, жеке брендтер тағы бар. Осының барлығына санамыз да кейбір білімдеріміз де жеткенімен, қоғамда болып жатырған жағдайлар мені әлі қынжылтады, тіпті күрсінтеді.

 Иә, 21 ғасырдың қазақтары, қазақ халқын сыйлаған ел. Қызды жоғары бағалаған, баққан ел. Тәрибелеуде де қыз жат жұрттық деп бірден қияға жіберуге дайындаған. Бірақ мен кейбір сол қияға тәрбиелейтін жандарға қарап таңғалам. Иә, біз соңында тұрмысқа шығамыз. Бірақ олар ерді сыйлау, ата-енені сыйлау туралы сағаттап лекция оқиды. Бірақ қыздың құны ше? Неге біздің санамыз осы даму кезінде барлығына жеткенде қызды сыйлауға, ұрмауға, құнын жоғалтпауға жетпейқ алғаны ма? Осы дүние мені әлі күнге дейін ойландырады. «Қазақ ақылды халық, білімді халық» дейді. Білім қайда? Кейбір ерлердің күші ұруға жетеді. Бірақ, өкінішке қарай, қоғамда осындай ер емес ез ерлердің кесірінен әйелдер сол бір зорлық-зомбылықтың әлі де құрбаны. Әлі сол ұру, әлі зорлау. Неге? Бұл процесстер қашан шегіне жетеді? Қыз құны, қыздың бағасы қайда? Осындай қоғамдағы ерлерді көріп мен тіпті кімге сенерімді, кімнің артында біздің қара көз қыздарымыз қорғанатынын ойланып қалам. Ұят болады, шыдаукерек, қыз жат жұрттық па – болды сол үй ден тек қана өлігің шығады– деп соншалықты тәрбиені қызға бергенде, кейбір санасыз ерлерге осындай тәрбиені ата-аналары бере алмай қалғаны ма? Ақылы жетпегені ме? Немесе ата-ана тәрбиесі дұрыс болса да, санасыз еркектер бар. Сананың соншалықты төмен болатынындай ол қандай еркек? Еркек атаулысына деген осындай жағдайлардан кейін күйініш қалады. Иә, біз осындай қоғамда өмір сүреміз. Осындай еркектерге қарап, қыз болып туылғаныма өкініш пайда болады. Соңғы жағдайларға байланысты қазір тұрмысқа шығуға қорқып қалғар қыздар аз емес. Иә, шынымен қорқатындай оқиғалар орын алып жатыр.

Ал үкімет. Үкімет кейбір жайларға көз жұма қарайды. Барлығына үйіп-төгіп нормативтік- құқықтық заң шығарғанда, біз үндемей қалмаспыз. Петиция жариялап, дәл осы жағдайды қолға алу керек.

Өкінішке орай, кейбір нәзік жандыларымыз құнын білдірген үйден мәпеленіп, тәрбие алып шыққанымен, тұрмыста бақытсыз. Бақытсыз болуы осындай ұру-соғу секілді ер адам тарапынан көрсетілетін ауыр күштің кесірі.

Осындай жағдайлардың кесірінен, қазақ қоғамының нәзік жандыларының бойында тұрмыс құруға деген қорқыныш қалады. Қазақтың ерлерідеп көкірек керіп мақтанатын ерлердің аз болғаныма? Тым өкінішті.

Санамызға сол отбасыны бақытты қыл деп құя бергенше, ерлерге бақытты қыл деп құю керек.

Енді бірі тағы келіп «тек қазақ баласына ғана тұрмысқа шығу керек» дейді. Білмеймін, қазақтың кейбір ерлері қыз құнын түсіріп, таптап, ұрып-соғып өлтіруге дейін апарғанда, шет елдің сонша сыйластығы мол ерлеріне қарап ойланып қаласың.

Иә, білемін. Барлық қазақ жігіттері ондай емес. Бірақ арасында болғанымен бар ғой олар. Бар болғанының өзі мына қоғамдағы, сананы, салтты, қыз тағдырын құртып тұр.
Бұл бір үлкен өкпеде жатқан өкінішКөмейден осындай сынмен айтылатын тақырып.

Әйелдің қолдаушысы, жанын түсінетін де әйел. Қыз баласын да қолдаушы – қыз. Сондықтан мен әрқашан қыздарды қолдауға дайынмын.

Санамызда дұрыс нәрсені қалыптастырайық. Тәрбиеге мән берейік. Сонау ата-бабаларымыз қадірлеген қыз баласының құнын санасыз еркектер түсірмесінші.

Айсара Мұратқызы

 

Пікірлер