Алматының индустриялық аймағында 88 компания жұмыс істейді

780
Adyrna.kz Telegram
inbusiness.kz
inbusiness.kz

2023 жылдың соңына дейін Алматы қаласының Индустриялық аймағында жалпы сомасы 8 млрд теңгеге 6 жобаны жүзеге асырып, 400-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше, бүгінде 29 инвестициялық жоба бойынша құрылыс қызу жүріп жатыр.
Алматының индустриялық аймағы – ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес жобаларға арналған аумақ. Мұнда 88 компания орналасқан, 11 мың жұмыс орны ашылған.
Айта кетейік, «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС қатысушыларына бизнесті мемлекеттік қолдау аясында инвестициялық жобаны сатып алу және аукционнан өту қажеттілігінсіз оны іске асыруға жер учаскесін алуға мүмкіндік қарастырылған. Сонымен қатар, 2068 жылға дейін жер учаскесінің ұзақ мерзімді қосалқы жалдауын немесе оны кадастрлық құны бойынша сатып алуды ресімдеуге болады.
Бұл ретте, инвестор инфрақұрылымды салу шығындарын азайту сынды басымдыққа ие болады. 2068 жылға дейін Алматы индустриялық аймағының жұмыс істеу мерзіміне байланысты жер учаскесін жалға ала алады. Және де индустриялық аймақ аумағында дайын инфрақұрылымға қолжеткізе алады. Яғни, кәсіпкердің жұмысының алға басуы үшін газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және сумен қамту, электрмен жабдықтау, нөсер кәрізі, ТЖ станциясы және ТЖ жүріс жолдары, талшықты-оптикалық байланыс желілері сындық қажеттіинфрақұрылым дайын күйінде тұрады. Ең бастысы, халқы тығыз орналасқан мегаполисте өз өнімдерін нарыққа қиналмай өткізуге жол табады.

Сонымен қатар, «Almaty Business 2025» бірыңғай өңірлік бағдарламасы аясында Алматы индустриялық аймағының инвесторы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға дейін сүйемелдеу, рұқсат құжаттарын алу және банктерде қарыздар бойынша кеңес алу түріндегі мемлекеттік жәрдем алады.
Биыл қазан айында Алматы индустриялық аймағының өндірістік кешендері үшін мамандар даярлайтын инновациялық техникалық колледждің құрылысына бөлінген аумақта жұмыстар басталды.
Бұл Алматы индустриялық аймағындағы жалпы құны 9 млрд теңге болатын басым жобалардың бірі.

Пікірлер