Ресей президентін сайлау күні белгіленді

1440
Adyrna.kz Telegram
Фото: ort-tv.ru
Фото: ort-tv.ru

Ресей Федерация Кеңесі кезекті президент сайлауының мерзімін белгіледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.

Ресей Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Элла Памфилова Ресейдің тарихында тұңғыш рет президент сайлауы «мұндай уытты геосаяси атмосферада өтетінін» айтты.

Оның айтуынша, 8 желтоқсанда Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясы үш күн ішінде – 15, 16 және 17 наурызда президент сайлауында дауыс беру туралы қаулы жобасын қарайды.

Украинаның Ресей Федерациясына қосылған аймақтарында сайлау өткізу туралы шешім 12 желтоқсанға дейін қабылданады. Сонымен қатар 2024 жылғы Ресей президентінің сайлауында қашықтықтан дауыс беру қарастырылмаған.

Айта кетерлігі, Владимир Путин 2024 жылғы сайлауға қатысатынын ресми түрде жариялаған жоқ.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер