Михаил Шайдоров Golden Spin турнирінде күміс жүлдегер атанды

1511
Adyrna.kz Telegram
Сурет: olympic.kz
Сурет: olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Хорватия астанасы Загребте өткен ISU Challenger санатындағы Golden Spin турнирінде қазақстандық Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша 235,29 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алтын медальді әлем чемпионатының жүлдегері, қытайлық Цзинь Боян иеленген. Оның қорытынды ұпайы - 258,67.

Үздік үштікті эстониялық Александр Селевко тұйықтады - 224,24 ұпай.

Айта кетелік, Михаил Шайдоров жақында өткен Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алған болатын.

Пікірлер