Танымал опера әншісі Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенге дуэт жазуға ұсыныс білдірді

1543
Adyrna.kz Telegram
Фото: кадрдан алынған
Фото: кадрдан алынған

Танымал опера әншісі Пласидо Доминго Димаш Құдайбергенге дуэт жазуды ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengri Life-қа сілтеп.

Әлемге әйгілі испандық опера әншісі, 82 жастағы дирижер Пласидо Доминго қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге дуэт шырқауды ұсынды.

"Немерем сізді маған ашты. Ол сіздің жазбаларыңызды жіберді. Ол сізге өте қатты қызығады. Сізді жұлдыз ретінде таниды. Немерем қазір небәрі 18 жаста әрі барабаншы.  Ол сізді YouTube-тан көрді", - деді дирижер.

Опера әншісі Доминго Димаштың талантына таңданып, тақ қалатынын жасырмады. Димаштың алты октавада дыбысты анық әрі еркін алатынын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де опера әншісі туралы ойын айтты.

"Сізбен кездесу мен үшін үлкен мәртебе. Бес жасымда үйде сіздің концертіңіздің таспасы болған. Мен сіз үшін музыкаға келдім", - деді жұлдыз.

Өнер адамы Димашқа шығармашылық ұсынысын да айтты.

"Біз дуэт жасауымыз керек. Мен 20 жасымда өз дауысыммен ән айта алатын едім. Енді маған тенор үшін тесситура жетіспейді. Бірақ менің ойымша, бұл сіз үшін қиын болмайды. Біз әдемі дуэт жазамыз. Ыңғайлы болса ертең жаттығу жасайық",-деді 82 жастағы маэстро.

Пікірлер