Ақтауда қақаған аязда құбырларды ауыстыру жұмыстары басталды

2205
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Төтенше жағдай аймағында «Каспий жылу, су арнасы» МКҚК мамандары жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. Бұл мәселені қала басшысы Ұлықбек Тналиев жеке бақылауында ұстап отыр. Бұл туралы Ақтау қалаының әкімдігі мәлімдеді, деп хабаплайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қала әкімі құбырдағы анықталған ақау жаңасына ауыстырылып жатқанын хабарлады.

«ҚЖСА» кәсіпорнының қызметкерлері апат болған ескі құбыр учаскесін толығымен ауыстырады. Жаңа құбыр жеткізілді және жақын арада орнатылады. Шыдамдылығыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Сондай-ақ апатты жоюға бар күш-жігерін салып, жылу беруді тұрақтандыруға бар күш-жігерін салып жатқан «ҚЖСА» кәсіпорнының қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Құбырдың бұл бөлігін ауыстырғаннан кейін жағдай реттеледі», - деді қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда магистральдық жылу құбырында апат орын алып, бірқатар шағын аудандарда жылу беру уақытша шектелген болатын.

Пікірлер