Тағы да апат. Кентау өңірі жылусыз, жарықсыз қалды

1113
Adyrna.kz Telegram

Кентауда тұрғындар үйлерінде жарық пен жылу жоқ деп шағымдануда, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Бүгін түнде жылу батареялары салқындап кетті. Қазір күн суытып барады. Бұл нағыз сұмдық», – деп жазды Кентау тұрғыны.

Сонымен қатар, оқырман қала бойынша жарық жоқтығын алға тартты.

Билік пен коммуналдық қызмет өкілдері бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай хабарлама таратқан жоқ.

Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, жылу электр орталығында электр қуатының үзілуіне байланысты сорғы стансасы жұмысын тоқтатқан. Қазір ол іске қосылды және олар азаматтардың пәтерлеріндегі батареялар жақын арада жылы болады деп сендірді.

Пікірлер