«БҰҰ-дан жиған тәжірибемді Қазақстан пайдаланған жоқ»

3360
Adyrna.kz Telegram

Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы - Біріккен Ұлттар ұйымының тұңғыш қазақ еріктісі Телжан Жүнісбеков.

Ол Африка елдерінде дәрігер-ерікті ретінде отыз жылдан астам қызмет етіп, медицинасы кенже дамыған бірқанша елдің жүздеген адамын ажалдан құтқарып қалды.

Ширек ғасырдан астам уақытын туған жерден жырақта өткізген қазақ еріктісінен алған сұхбатта дәрігер өз өмірбаянын баяндайды. Мәселен, Африка құрлығында оның атымен аттас бірнеше қара нәсілді бала дүниеге келгені, Африка елдерінде 5 мыңнан астам операция жасағаны, елі ауырып тұра алмай қалған БҰҰ өкілін емдегені, т.б қызықты әңгімелері оқырманға үлгі болары анық.

Қазақтың қара домалақ баласының Африка еліндегі ерлік істерін өз аузынан естігіңіз келсе, сұхбатты тамашалай отырғайсыз!

Пікірлер