Ірі қара құтыру ауруын жұқтырған. Қарағанды облысында ет пен сүтті сатуға тыйым салынды

1287
Adyrna.kz Telegram
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Қарағанды облысының Жарлы ауылында ірі қара құтыру ауруын жұқтырған. Бұл туралы ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандары айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Хабар 24-ке сілтеп. 

Ақпаратқа сәйкес, әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді.

Мал дәрігерлерінің айтуынша, қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін. Ауылда шектеу шаралары енгізілді.

Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Елді мекенге кіріп шыққан көліктің бәрі тексеріледі.

Пікірлер