Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

1641
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Крыминформ
Сурет: Крыминформ

Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Өңірде қар мен боранға, сондай-ақ температураның күрт төмендеуіне байланысты жолдар жабылды. Қазір желдің екпіні секундына 45 метрге жетті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізі бойындағы «Тараз-Алматы» бағыты бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Магистральдарда қар құрсауында қалып қойған көліктер әлі де бар. Саны туралы ақпарат нақтылануда. Шу ауданында қатты жел мен дымқыл қардың салдарынан электр желілері үзіліп, тірек бағаналары құлаған.

«Төтенше жағдайға байланысты "Шу Отар" учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адам бар. Жолға шығуды күтіп тұрған 12 жүк пойызы тұр. Облыстың 4 ауданындағы 32 елді мекенде 8 882 абонент жарықсыз қалды», - делінген хабарламада.

Шұғыл көмек телефоны 8 7262 513575, 51 41 67.

Еске салайық, Жамбыл облысында  тамыз айында қуаңшылыққа байланысты да төтенше жағдай жарияланған еді.

Пікірлер