Ең қымбат футболшылар тізімі шықты. Тізімде Криштиану Роналду жоқ

1171
Adyrna.kz Telegram

«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының ең қымбат футболшыларының құрамасынан тыс қалды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Роналду осы маусымда Сауд Арабиясы чемпионатында 15 матч өткізіп, 16 гол соғып, 8 нәтижелі пас бергенімен, ол ең қымбат футболшылардың қатарында болмады. Transfermarkt порталы жасаған тізімге сәйкес, құны 45 миллион еуроға бағаланған «Әл-Хилалдан» Неймар мен оның әріптесі Александр Митрович (28 миллион) көш бастап тұр.

Шабуылдаушы жартылай қорғаушылар ретінде Отавио («Әл-Наср», 30 миллион), Сергей Милинкович-Савич («Әл-Хилал», 35 миллион) және Малком («Әл-Хилал», 30 миллион) ең қымбат футболшылардың символдық командасына енді. 38 жастағы Роналдудың құны небәрі 15 миллионға бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, Сауд Арабиясында 2023 жылғы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жақында осы футбол турнирі аясында мысырлық «Әл-Ахли» клубтық біріншіліктің ширек финалында Сауд Арабиясының «Әл-Иттихадын» 3:1 есебімен ұтты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер