Егемендік декларациясына қол қоймаған экс-президент елді Тәуелсіздік күнімен құттықтамады

1170
Adyrna.kz Telegram

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтамады.

Бүгінгі айтулы күнге байланысты Тұңғыш президенттің ресми сайтынан мерекеге қатысты құттықтау сөзін іздедік. Алайда, соңғы жазба 12 желтоқсан күні жарияланған. 

Айта кетейік, экс-президент сайтындағы соңғы құттықтау қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісіне арналған.

1991 жылы «Қазақстан Респбликасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Қазақстан Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялап, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болды. 5 күн өткен соң осы статусымен КСРО-ның тарағанын растайтын ТМД мақсаттары мен принциптерінің Алматы декларациясына қол қойылды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер