Қайрат Сатыбалды мерзімінен бұрын босатылмайды

957
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Қайрат Сатыбалдының «шартты түрде мерзімінен бұрын босату» туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Судья Қайрат Сатыбалдының тәртібі мен мінез-құлқындағы тұрақсыздығын ескеріп, жазаны ауыстырудан бас тартты.

«Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз», - делінген сот хабарламасында.

Айыпталушы Қайрат Сатыбалды 2022 жылы лауазымын асыра пайдаланды, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын ұрлау фактісі бойынша күдікке ілінген еді.

Сот үкімі бойынша, Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер