Колорадо соты Дональд Трамптың президент сайлауына түсуіне тыйым салды

930
Adyrna.kz Telegram

Колорадо Жоғарғы соты АҚШ Конституциясындағы «бүлікке немесе көтеріліске» қатысы бар шенеуніктердің мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салатын тармаққа сілтеме жасап, бұрынғы президент Дональд Трампты 2024 жылғы президенттік билеттен алып тастау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" порталы bbc жаңалығына сілтеп. 

Бұл шешім 2021 жылғы 6 қаңтардағы оқиғаға байланысты. Себебі Дональд Трамптың жақтастары президент сайлауының нәтижелеріне қарсылық білдіріп, Капитолийге басып кірген екен. Ал сайлау нәтижелері бойынша Джо Байден президенттікке отырды.

Бұған дейін басқа штаттарда Трампты сайлау бюллетенінен алып тастау әрекеті сәтсіз аяқталды. Дональд Трампты АҚШ тарихындағы Ақ үйге сай емес деп танылған алғашқы президенттік үміткер болды. Себебі конституциялық ережеге сәйкес шенеуніктер "бүлік немесе көтеріліске" қатыса алмайды.

Трамп жоғарғы сотқа шағымдануы үшін сот шешімін 4 қаңтарға қалдырды. Судьялар апелляцияны шешкенге дейін Трамптың аты автоматты түрде бюллетеньде қалады.

Пікірлер