Президенттің бизнес өкілдерімен кездесуі. Кузиеваның кім екені айтылды

1193
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сүйенсек, жиын барысында ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланған.

Бұдан бөлек, Ақорда таратқан суреттердің бірі көпшіліктің назарын аударды. Бір топ азулы бизнесмендермен бірге президенттің жанында тұрған әйел кім деген заңды сұрақ туындады. “Ulysmedia” ол сенатор Зәкіржан Кузиевтің қызы екенін анықтады.

Ал Rupep.org сайтындағы мәліметке сәйкес суреттегі қыз Замира Кузиева. 1996 жылы туған. Соңғы жұмыс орны - «Единый Консолидирующий Центр» ЖШС басқарушы директоры.

Аталған компания Қазақстан аумағында және Қазақстан шегінен тыс жерлерде "Қазақстан Темір Жолы "ҰК" АҚ -ның вагондары мен контейнерлері арқылы жүк тасымалдаумен айналысады.

Айта кетейік, Зәкіржан Кузиев Президент Жарлығымен тағайындалған Парламент Сенатының депутаты. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.1969 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

Пікірлер