Алматыда 2025 жылға қарай сыртқы жарықтандыру мәселесі толығымен шешіледі

7955
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Тамыз айында Алмалы ауданы әкімдігінің сыртқы жарық бойынша қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобасы іске қосылды және оң нәтиже көрсетті.

Қысқа мерзімде өтінімдерді қарау уақытын 4 есеге (20 тәуліктен 5 тәулікке дейін) қысқартуға мүмкіндік туды. 4 830 шам ауыстырылды, 49,3 км сыртқы жарықтандыру желілері қалпына келтірілді. Нәтижесінде Алмалы ауданында жанбайтын жарық нүктелерінің үлесі 47% - дан 25% - ға дейін төмендеді. Алмалы ауданының оң тәжірибесін ескере отырып, қараша айында қалған 7 аудан «Алматы Қала Жарық» МКК-мен шарт жасасты. Сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету аудандарға берілді. Бұл сонымен қатар қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге ықпал етті.

Сапалы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85% - ға және 2025 жылы 100% - ға дейін жеткізілетін болады.

Анықтама: қазіргі уақытта міндеттемелерді жосықсыз орындау себебінен 2018 жылы жасалған шарт бойынша МЖӘ аясында жеке әріптеспен сот талқылаулары жүруде.

Пікірлер