Шымкентте 74-тегі қария мен 72-дегі әжей үйленді

1759
Adyrna.kz Telegram
Сурет: otyrar.kz
Сурет: otyrar.kz

Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей отау құрды. Олар заңды некесін де қиып үлгерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері тіптен жүре алмайтын едім дейді. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол, аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.

"Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар", - дейді әжей.

Айта кетейік, қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар.

Пікірлер