Шымкентте оқушы сабақ кезінде қайтыс болды

1693
Adyrna.kz Telegram
qazaqstan.tv
qazaqstan.tv

Шымкент қаласында 13 жастағы оқушы дене шынықтыру сабағы кезінде қайтыс болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 қаңтарда №48 орта мектепте болған.

«8-сынып оқушысы есінен танып, құлап қалған. Мектеп медбикесі жасөспірімге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақырған. Алайда жедел медициналық жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - деді басқарма.

Пікірлер